Accessibility links

Тәжікстанда "Сирияға адам тартқан" жігіт 9 жылға сотталды


Тәжікстанның Исфара қаласының тұрғыны Бахтиёр Солиев.
Тәжікстанның Исфара қаласының тұрғыны Бахтиёр Солиев.

Тәжікстанның Соғда облысындағы Исфара қаласының соты "экстремистік қауымдастық ұйымдастырып, Сирия мен Ирактағы соғысқа жастарды тартқан" деген айып тағылған жергілікті тұрғын Бахтиёр Солиевті кінәлі деп танып, оны тоғыз жылға бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарған. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметі (Озоди радиосы) хабарлады.

Бахтиёр Солиев Ресейде екі жыл болғаннан кейін ұсталып, жауапқа тартылған. Соттағы дерек көзінің хабарлауынша, оған Ресейде жүрген кезде азаматтарды Сирия мен Иракқа баруға үгіттеп, жіберумен айналысқан қылмыстық топ құрған деген айып тағылған. Сот Солиевтің "ағынан жарылып, кінәсін мойындап, тергеуге болысқанын ескерген" деп хабарланды.

Солиевті жауапқа тартуға 2016 жылдың соңында отбасымен бірге Сирияға кетіп бара жатқанда Түркияда ұстап, Тәжікстанға қайтарылған оның бірге оқыған сыныптасының берген куәлігі негіз болған. Биыл ақпан айында Исфара қаласының соты ол адамды "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қосылмақ болғаны үшін 14 жылға бас бостандығынан айырған.

XS
SM
MD
LG