Accessibility links

Қазақстандық атлет жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ауыр атлетикадан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анатолий Савельев ұлдар арасында 62 килограмда алтын алды. Ол жұлқа көтеруде 127 кг, серпе көтеруде 184 кг штанганы көтерді. Қоссайыс қорытындысы - 281 килограмм.

Күмісті 276 килограмды еңсерген қытайлық Юнбан Вей, қоланы 267 килограмм нәтижемен индонезиялық Халим Сетиаван иеленді.

Бангкоктағы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 10 сәуірде аяқталады. Жарысқа Қазақстан 18 спортшы апарған. Бұл әлем біріншілігі - 2018 жылы Буэнос-Айресте (Аргентина) өтетін жасөспірімдер арасындағы жазғы олимпиадаға іріктеу турнирі.

XS
SM
MD
LG