Accessibility links

Ақтөбеде сұйық газ тапшылығы ісі бойынша күдікті қамалды


Ақтөбедегі жанармай бекеттерінің бірі.
Ақтөбедегі жанармай бекеттерінің бірі.

Бүгін Ақтөбе қалалық 2-соты экономикалық контрабандаға күдікті ретінде ұсталған Gold Steps компаниясы директоры Берік Есеновті екі айға қамауға алуға санкция берді. Тергеу орындары Есеновті аймаққа тиесілі әлеуметтік газды Ауғанстанға сатып, миллиондаған доллар пайда таппақ болған деген күдікпен ұстаған.

35 жастағы Берік Есенов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады. Сотта өзімен сыбайлас делініп отырған адамдардың аты-жөнін алғаш рет естіп отырғанын мәлімдеген. Күдікті екі баласы барын, өзі созылмалы дертпен ауыратынын ескеріп, үйқамаққа шығаруды сұрады, бірақ судья оның өтінішін қанағаттандырмады.

Соңғы аптада Ақтөбе облысында сұйытылған газ тапшылығы байқалып отыр. Бұған дейін жергілікті билік оны облыста газға ауыстырылған көлік санының 54 пайызға артуымен және үкімет бөлген квотаның өңір қажеттілігін толық өтей алмай отырғанымен байланыстырған еді. Кейін әлеуметтік газды Ақтөбедегі бекеттерге бөліп беруі тиіс екі серіктестіктің экономикалық контрабандамен айналысқаны xабарланған.

XS
SM
MD
LG