Accessibility links

Атырауда бұрынғы прокурордың соты басталды

Атырау қаласының бұрынғы сот актілері мен мемлекет мүддесі өкілдігінің заңдылығын қадағалау міндеттерін атқаратын бұрынғы прокуроры Азамат Қоқаманов (қамауда) пен оның адвокаты Бекентай Бүбербаев сот залында. Атырау, 7 сәуір 2017 жыл.

Атырауда қаланың бұрынғы сот актілері мен мемлекет мүддесі өкілдігінің заңдылығын қадағалау міндеттерін атқаратын бұрынғы прокуроры Азамат Қоқамановқа қатысты сот процесі басталды.

Қоқамановқа "Үміт Айс" фирмасының механигі Қайрат Меңдіғалиевтен оған қатысты сот процесіне ықпал ете алмайтынын біле тұра алаяқтық жасап, 2 миллион теңге алды және тағы 2,5 миллион теңге талап етті" деген айып тағылып отыр.

Талапкер Қайрат Меңдіғалиев (сол жақта) пен оның адвокаты Гүлсім Сабиров және мемлекеттік айыптаушы Нұржан Әбілов. Атырау, 7 сәуір 2017 жыл.
Талапкер Қайрат Меңдіғалиев (сол жақта) пен оның адвокаты Гүлсім Сабиров және мемлекеттік айыптаушы Нұржан Әбілов. Атырау, 7 сәуір 2017 жыл.

34 жастағы Азамат Қоқаманов сотта өзін заң ғылымдарының докторы деп таныстырды. Сот залына кісенмен әкелінген прокурор бірден "өзіме тағылған айыпты мойындамаймын және өзімді қылмысты деп санамаймын" деп мәлімдеді.

Істі жүргізіп отырған судья Гүлжихан Мүтиеваның журналистердің сотқа қатысуына және фото, видео жасауға рұқсат бергені қамаудағы бұрынғы прокурор мен оның адвокаттарының наразылығын тудырды. "Құқығым сақталмады" деп санаған Қоқаманов судьяны ауыстыруды талап етті.

Үзілістен соң №2 Атырау қалалық қылмыстық сотының судьясы Сәуле Қазақбай судьяны ауыстыру туралы өтініштің қанағаттандырылмайтынын және оның арыздануға жатпайтынын жария етті.

Сот отырысы 17 сәуірде жалғасатын болды.

XS
SM
MD
LG