Accessibility links

Кремль АҚШ-тың Сирияға соққы бергенін айыптады


Дмитрий Песков, Кремльдің баспасөз хатшысы.
Дмитрий Песков, Кремльдің баспасөз хатшысы.

Кремль Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың Сирияға зымыранмен атқылағанын егемен мемлекетке басқыншылық жасау және халықаралық құқық нормаларын бұзу болып санайтынын мәлімдеді деп хабарлады ресейлік ақпарат құралдары. Путин америкалық әскерилердің әрекеті АҚШ-Ресей қарым-қатынасына залал келтіріп, терроризммен күрестегі бірлескен іс-қимылдарға нұқсан келтіреді деп санайды деген Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

АҚШ 7 сәуір күні таңертең осы аптаның басында Идлиб провинциясында бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық шабуыл жасалғанына жауап ретінде Сирияның Шайрат әуе базасын ондаған зымыранмен атқылаған. Вашингтон химиялық қару қолданылған шабуылды Сирия президенті Башар Асад күштері жасады деп санайды.

"Путин АҚШ-тың Сирияға соққы беруін егеменді мемлекетке халықаралық құқық нормаларын бұзып тұрып жасалған басқыншылық деп санайды" деген Песков. Ол соққы беру туралы шешім "ойдан шығарылған сылтаумен" қабылданды дейді.

Путиннің пікірінше, бұл соққы "әлемдік қауымдастықтың назарын Ирактағы бейбіт тұрғындар арасында көптеген адамның құрбан болып жатқанынан басқа жаққа аударып әкету үшін" жасалды.

"Вашингтонның бұл қадамы онсыз да нашар ресей-америка қарым-қатынасына кәдімгідей соққы болып тиеді және терроризммен күресте халықаралық коалиция құруда елеулі кедергі тудырады" деп мәлімдеді Песков.

XS
SM
MD
LG