Accessibility links

Чехия: Острава соты "ДХР өкілдігін" жабуға шешім шығарды


Украина шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистердің "Донецк халық республикасының" кеңсесі сыртындағы жазу. Острава, Чехия, 1 қыркүйек 2016 жыл.
Украина шығысындағы Ресей қолдайтын сепаратистердің "Донецк халық республикасының" кеңсесі сыртындағы жазу. Острава, Чехия, 1 қыркүйек 2016 жыл.

Чехияның Острава қаласының соты "Донецк халық республикасы өкілдігінің орталығын" жабу туралы шешім шығарды деп хабарлады HlidaciPes.org басылымы. Донбастағы Ресей қолдайтын сепаратистер ұйымдастырған "өкілдікті" жабуды Чехияның сыртқы істер министрі Любомир Заоралек талап еткен.

Сот ұйым өкіліне өкілдікті жабу процедураларының басталатыны туралы шешімді жолдаған.

"Донецк халық республикасы өкілдігінің орталығы" Остравада өткен жылы 1 қыркүйекте ашылған. Сол күні Украина сыртқы істер министрлігі Чехия елшілігіне наразылық нотасын тапсырған. Чехия премьер-министрі Богуслав Соботка ел аумағында Донецк және Луганск "халық республикалары" өкілдіктерінің жұмыс істеуіне қарсылығын білдірген.

30 қыркүйекте сот Остравадағы "өкілдікті" "өзін консулдық ретінде көрсетеді" деп, атауын өзгертуді талап еткен.

XS
SM
MD
LG