Accessibility links

Отгонцэцэг пен Қырғызбаев Антальядағы жарыста алтын алды


Галбадрах Отгонцэцэг (ақ формада)
Галбадрах Отгонцэцэг (ақ формада)

Дзюдодан Антальяда (Түркия) өтіп жатқан Гран-при жарысында қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев (60 кг, ерлер) пен Рио олимпиадасының қола жүлдегері Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг, әйелдер) алтын алды.

Отгонцэцэг Анталья татамиінде түркиялық Гулкадер Сентуркті, ресейлік Сабина Гилиязованы жеңді. Ал финалда израильдік Шира Ришониден басым түсті. Моңғолияда туған Отгонцэцэг 2013 жылы Қазақстан азаматтығын алған.

Ерлер арасында 60 килограмда Ғұсман Қырғызбаев алдымен түркіменстандық Батыр Гурбаниязовты, моңғолиялық Амартушвин Баяараны, Қытай Тайпейінің балуаны Вей Юнг Янгты ұтты. Финалда түркиялық Бекир Озлуды жеңді.

Дзюдодан Анталья Гран-при жарысы 9 сәуірде аяқталады.

XS
SM
MD
LG