Швеция астанасының орталығында жұма күні жүк көлігі көшедегі жұртты басып өткен кезде жарақат алған бір адам ауруханада қайтыс болған деп хабарлайды Reuters. Қазіргі уақытта төтенше оқиға салдарынан зардап шеккен 15 ауруханада жатыр деп хабарлаған Стокгольм мэриясының денсаулық сақтау бөлімінің өкілі Йохан Братт.
Сәуірдің 7-і күні Стокгольмнің жаяулар көп жүретін Дроттнинггатан көшесінде қатты жылдамдықпен келген жүк көлігі адамдарды басып өтіп, сол маңдағы сауда орталықтарының бірін соғып, тоқтаған. Оқиғадан кейін үш адамның қаза болғаны туралы ақпарат тараған.
Швед полициясы бұл оқиғаға күдіктіні ұстаған. Оның кім екені туралы әзірше ресми мәлімет жоқ.