Accessibility links

Назарбаев Швеция короліне көңіл айту жеделхатын жолдады


Теракт болған жердегі жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері. Стокгольм, 7 сәуір 2017 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Швеция королі XVI Карл Густавқа Стокгольм қаласында болған террорлық шабуылға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Жеделхатта Стокгольмдегі теракті салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды Қазақстан президентінің зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

«Біз Швеция халқы мен үкіметінің халықаралық терроризмге қарсы тұру ниетін қолдаймыз» делінген жеделхатта.

Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірген.

Жұма күні Швеция астанасының орталығында белгісіз біреу ұрлап мінген жүк көлігімен көшедегі жұртты таптап өткен. Шабуыл салдарынан төрт адам қаза тауып, 15 кісі зардап шеккен, олардың - 9-ы ауыр халде жатыр деп хабарланды. Швед полициясы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG