Accessibility links

Польшада тұрғын үйдегі апаттан алты адам мерт болған


Апат болған көппәтерлі үй. құлап, салдарынан алты адам мерт болған. Свебодзице, 8 сәуір 2017 жыл.

Польшаның батысындағы Свебодзице қаласында сенбі күні көппәтерлі үй құлап, салдарынан алты адам мерт болған. Ресми ақпаратта қазаға ұшырағандар арасында екі бала бары айтылады.

Өртке қарсы күрес қызметі өкілдерінің сөзінше, үйдің екі қабаты құлаған. Құтқарушылар қираған үйдің астынан бірнеше адамды алып шыққан. Жергілікті басылымдардың жазуынша, құлаған үйде 18 тұрғын тіркеуде тұрған.

AFP агенттігі өртке қарсы күрес қызметі өкілінің төтенше оқиғаға үйдегі тұрмыстық газдың жарылуы себеп болуы ықтимал деген болжамын келтірген.

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG