Accessibility links

Норвегия астанасы Осло қаласында жарылыс жасамақшы болған деген күдікпен бір адам ұсталған.

Сәуірдің 8-і күні Ослоның орталық аудандарының бірінде жарылғыш құралға ұқсас зат табылған. Кейін полиция қолдан жасалған бомбаның залаласыздандырылғаны туралы хабарлаған. Бұл оқиға бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Швеция астанасында жұма күні болған терактіден кейін Скандинавия елдерінің бәрінде қазір қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Сәуірдің 7-і күні Стокгольмнің орталығында жүк көлігіне мінген қылмыскер көшедегі жұртты таптап өткен. Шабуыл салдарынан 4 адам өліп, 15 кісі зардап шеккен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG