Құрама Штаттар Корей түбегі аймағына зымыран қаруы бар әскери кемелер тобын жөнелтті. Оның құрамында әскери ұшақтар алып жүретін "Карл Винсон" ірі кемесі де бар.
АҚШ-тың Тынық мұхиттағы күштері әскери басшылығының өкілі Дэвид Бенхэмнің мәлімдеуінше, топтың басты міндеті – «Тынық мұхиттың батыс бөлігінде әскери дайындықты қамтамасыз ету». Бенхэм аймақтағы тұрақсыздықтың негізгі факторларына айналған зымыран сынақтарын жиілетіп, ядролық күш-қуатын еселеуге тырысып жатқан Солтүстік Кореяның басты проблема болып отырғанын айтқан.
Корей түбегінде соғыс қимылдары тоқтатылған 1953 жылдан бері Оңтүстік Кореяда АҚШ-тың саны едәуір әскері тұр.