Accessibility links

Египетте копт шіркеуінде болған жарылыстан 20 адам өлген


Каирдегі копт шіркеуі маңында болған жарылыстан кейін. 11 желтоқсан 2016 жыл.
Каирдегі копт шіркеуі маңында болған жарылыстан кейін. 11 желтоқсан 2016 жыл.

Египеттің Танта қаласында бүгін болған жарылыс салдарынан 20-дан аса адам қаза тауып, 50-ге жуық кісі жараланған. Жарылыс копт шіркеуінде болған деп хабарлады Египет телеарнасына сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері.

Жарылыстың нақты себебі әзір анықталмаған. Бұл жарылысқа жауапкершілікті де әзірше ешкім алмаған.

Египетте діни азшылыққа жататын копт христиандары елдегі жалпы тұрғындар санының 9 пайызына жуығын, яғни шамамен 6 миллион адамды құрайды.

XS
SM
MD
LG