Accessibility links

Венгрияда Сорос құрған университетті жабатын заңға қарсы шықты


Орталық Еуропа университетінің студенттері оқу орнының жабылуына қарсылық акциясын өткізіп тұр. Будапешт, Венгрия.
Орталық Еуропа университетінің студенттері оқу орнының жабылуына қарсылық акциясын өткізіп тұр. Будапешт, Венгрия.

Будапеште 9 сәуірде ондаған мың адам елде америкалық миллиардер Джордж Сорос құрған Орталық Еуропа университетінің (ОЕУ) қызметін тоқтатуына мәжбүрлейтін жаңа заң жобасына қарсы тағы да акция өткізді. Акцияға қатысушылар Венгрия президенті Янош Адерді заң жобасын кері қайтарып, оның конституцияға сәйкестігін тексертуге шақырды.

Заң жобасын 4 сәуірде парламент мақұлдаған. Заң жобасы бойынша, Венгрияда жұмыс істейтін шетел жоғары оқу орындарында кампус пен өз елдеріндегідей оқу бағдарламалары болуы тиіс. Заң жобасын сынайтындар заңға енгізілетін өзгеріс Будапештегі ОЕУ-ге қарсы бағытталған деген пікірді ұстанады. Ұлтшыл премьер-министр Виктор Орбан үкіметі бұл университетті елдегі либералдық оппозицияның бастионы деп санайды.

Заң жобасы бойынша, ОЕУ 2018 жылдан бастап студент қабылдауды тоқтатып, 2021 жылға қарай жабылуы тиіс болады. АҚШ-тың Будапештегі елшілігінің өкілі Вашингтонның "ОЕУ-ға қарсы заңның жедел қабылданғанынан" көңілі қалғанын мәлімдеген.

Қазір ОЕУ-да 100-ден астам мемлекеттен 1400-ден астам студент оқиды.

XS
SM
MD
LG