Accessibility links

Димаш Құдайберген Қытайда "Халықаралық деңгейдегі әнші" деп танылды


Димаш Құдайберген (Сурет әншінің менеджері Алпамыс Шаримовтан алынды).

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда Top China Awards жүлдесін "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" номинациясы бойынша ұтып алды деп хабарлады жергілікті агенттік. Жас әнші өткен айда Top China Awards жүлдесін "Азиядағы ең танымал әнші" номинациясы бойынша ұтып алған.

Димаш Құдайберген бұған дейін Қытайда өтіп жатқан, барлығы 14 кезеңнен кезеңнен тұратын I Am a Singer байқауының финалына шыққан. 8 сәуірде өткен жартылай финалда ол Адриано Челентаноның "Confessa" мен "Бесінші элемент" фильміндегі Дива Плавалагунаның ариясын орындады. Шешуші кезең 15 сәуірде өтеді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Қырғыз суретшісі

Лаймен салынған портрет

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG