Accessibility links

"Эйр Астананың" тағы бір ұшағы әуежайға қайта қонуға мәжбүр болды


Алматы халықаралық әуежайы (Көрнекі сурет).
Алматы халықаралық әуежайы (Көрнекі сурет).

"Эйр Астана" компаниясы бүгін таңертең Алматыдан Дубайға қатынайтын KC895 рейсінің техникалық себептерге байланысты Алматы әуежайына қайта оралғанын забарлады. Компания ақпаратына қарағанда, ұшақ әуежайға сағат 8:33-те қонған. "Ұшқыш халықаралық қауіпсіздіктің барлық процедураларын сақтады. Ұшақ ауыстырылып, рейс сағат 10:15-те қайта ұшырылады" делінген компания хабарламасында.

Ұшақта 133 жолаушы болған. Ұшақтың қайта қонуына нақты қандай ақау себеп болғаны айтылмайды.

Өткен айда "Эйр Астана" компаниясы ұшағынан рейс кезінде екі рет ақау шыққан. 5 наурыз күні Астана-Алматы бағытында ұшатын "Боинг-757" жолаушылар ұшағы Алматы әуежайына сол жақ қозғалтқышы ажыраған күйі қонған. 3 наурыз күні Алматыдан Оралға ұшып шыққан КС-881 рейсі ұшақ қозғалтқышының ауа тарату жүйесінде ақау шығып, Ақтөбе әуежайына қонған.

XS
SM
MD
LG