Accessibility links

Міндетінен тыс жұмыста қаза тапқан мұғалімнің әйелі жұмысқа қабылданды


Шымкенттегі Халел Досмұхамбетов атындағы №4 жалпы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі марқұм Сейітжан Ізбасаровтың жесірі Әмина Тұрғанбаева баласымен бірге. Шымкент, 22 наурыз 2017 жыл.
Шымкенттегі Халел Досмұхамбетов атындағы №4 жалпы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі марқұм Сейітжан Ізбасаровтың жесірі Әмина Тұрғанбаева баласымен бірге. Шымкент, 22 наурыз 2017 жыл.

Бүгін Шымкенттегі Халел Досмұхамедов атындағы №4 жалпы орта мектебінің мұғалімі, міндетінен тыс жұмыста қаза тапқан Сейітжан Ізбасаровтың әйелі Әмина Тұрғанбаева осы мектепке жұмысқа қабылданды.

Халел Досмұхамедов атындағы №4 жалпы орта мектеп директоры міндетін атқарушы Қасым Бұралхиевтің Азаттыққа хабарлауынша, бүгін Әмина Тұрғанбаева жұмысқа қабылданған. "Оның білімі орта, колледжді аяқтаған. Жоғары оқу орнын бітірмеген. Категориясы жоқ. Сондықтан зертханашы және математика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. Математика пәнінен 5 сағат берілді. Айлық жалақысы – 44 мың теңге" дейді ол.

- Мамыр айында мектептегі математика пәні мұғалімінің бірі декреттік демалысқа шығады. Сол кезде пән сабақтарын толықтырып, бір ставкаға жеткізіп береміз, - дейді директордың міндетін атқарушы.

Әмина Тұрғанбаева жұмысқа қабылданғанын растап, мектепте сабақ өтіп жатқанын хабарлады.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған Сейітжан Ізбасаров ақпанның 26-сы, жексенбі күні міндеттерінен тыс жұмысқа жегіліп, мерт болған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-тармағы (еңбектi қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG