Accessibility links

Ұлыбританиядан Қытайға алғашқы жүк пойызы жолға шықты


Қытайдан Ұлыбританияға барған жүк пойызы.

10 сәуірде Ұлыбританиядан Қытайға алғашқы жүк пойызы жолға шықты. Пойыз Ресей мен Қазақстанды басып өтіп, Қытайдың шығысына барады.

Балаларға арналған тауарлар, виски мен дәрі-дәрмек сияқты тауарлар тиелген пойыз үш аптаға жуық уақыт жол жүріп, 12 мың километрге жуық жол жүреді. Үш апта - тауарды теңіз жолымен кемемен жіберуге кететін уақыттан екі есеге аз. Еуропа Одағы құрамынан шығуға дайындалып жатқан Лондон бұдан ары жүк пойыздарын Қиыр Шығысқа тұрақты түрде жөнелтіп тұрудан үмітті.

Қытайдан Ұлыбританияға жүк тасымалдаған алғашқы пойыз Лондонға қаңтарда барған. Пойыз негізінен киім-кешек пен басқа да тауарлар жеткізген.

Ашық қызыл түсті пойыз құрамы Yiwu Timex Industrial Investment компаниясының қарауында және ол Қытай президенті Си Цзиньпиннің "Бір белдеу - бір жол" бастамасын жүзеге асырудың бір бөлігі саналады. Лондон Еуропаның Қытаймен тікелей теміржол қатынасын орнатқан 15-қаласы саналады.

Пойыз маршруты Франция, Бельгия, Германия, Польша, Беларусь, Ресей және Қазақстан арқылы өтеді. Франциядан Лондонға баратын жолдың бір бөлігі Ла-Манш бұғазы астындағы тоннельмен өтеді.

Беларусьпен шекарада пойыздың 32 контейнері ары қарайғы жолда бұрынғы совет республикаларындағы кең табанды теміржолмен жүру үшін басқа платформаларға ауыстырылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG