Accessibility links

Иранда президент сайлауына кандидаттарды тіркеу басталды


Иранның бұрынғы мәдениет министрі Мостафа Мирсалим президент сайлауына кандидатурасын ұсынатыны туралы хабарлап тұр. Тегеран, 11 сәуір 2017 жыл.
Иранның бұрынғы мәдениет министрі Мостафа Мирсалим президент сайлауына кандидатурасын ұсынатыны туралы хабарлап тұр. Тегеран, 11 сәуір 2017 жыл.

Иранда бүгін 19 мамырға белгіленген президент сайлауына кандидаттарды тіркеу басталды. Тіркеу мерзімі бес күнге ғана созылады.

Президенттікке кандидаттарды ықпалды консерватор діни қайраткерлерден құралған Қадағалау кеңесі тексереді. Кеңес сайлауға либералдық кандидаттарды, реформаторлар мен әйелдерді қатыстырмайды. Үкіметтің ресми IRNA агенттігі мақұлданған кандидаттар тізімін ішкі істер министрлігі 26-27 сәуірде жариялайтынын хабарлады.

Иран президенті Хассан Роухани екінші мерзім президент болуға кандидатурасын ұсынады деген болжам бар. Роухани 10 сәуірде Тегеранда баспасөз конференциясын өткізіп, өзінің саясатын қорғай сөйлеген.

Бүгін тіркелген кандидаттар арасында Иранның бұрынғы мәдениет министрі Мостафа Мирсалим мен бұрынғы саяси тұтқын да бар.

XS
SM
MD
LG