Accessibility links

Қазақстан футзал құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды


 Еуропа чемпионатына іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Дания арасындағы ойын. 9 сәуір 2017 жыл (Сурет ҚФФ ресми сайтынан алынды).
Еуропа чемпионатына іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Дания арасындағы ойын. 9 сәуір 2017 жыл (Сурет ҚФФ ресми сайтынан алынды).

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2018 жылы өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алды. Алматыда өткен іріктеу турнирінде Қазақстан Македонияны 3:0, Данияны 5:0, Чехияны 3:0 есебімен жеңіп, бірінші орын иеленді.

Ереже бойынша, әр топта бірінші орын алған команда Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алады. Ал екінші орын иеленген құрама қосымша іріктеу кезеңіне қатысады. Қосымша іріктеуге Чехия құрамасы барады.

Қазақстан құрамасы 2016 жылы Сербияда өткен Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысып, қола медаль иеленген.

Қазақстан футзал командасында ойнайтын Игита, Лео және Дуглас Бразилиядан келген. Олар 2014 және 2015 жылдары Қазақстан азаматтығын алды.

XS
SM
MD
LG