Accessibility links

Ахмединежад Иран президенті сайлауына кандидат болып тіркелді


Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмединежад президент сайлауына кандидат болып тіркелгеннен кейін. Тегеран, 12 сәуір 2017 жыл.
Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмединежад президент сайлауына кандидат болып тіркелгеннен кейін. Тегеран, 12 сәуір 2017 жыл.

Иранның мемлекеттік ақпарат құралдары бұрынғы президент, консерватор Махмуд Ахмединежадтың 19 мамырда өтетін президент сайлауына кандидат болып тіркелгенін хабарлап жатыр. Президенттікке кандидаттарды тіркеу 11-15 сәуір аралығында өткізіледі.

Иранның рухани көсемі аятолла Әли Хаменей өткен жылы Ахмединежадқа президент сайлауына түспе деген. Ахмединежад бұған дейін екі мерзім - 2005-2013 жылдары Иран президенті болған.

Иран БАҚ-тары Ахмединежадтың жақын серігі, бұрынғы вице-президент Хамид Багхеидің де президенттікке тіркелгенін хабарлады.

Ахмединежад өткен аптада президенттік сайлауға түспейтінін, Багхеиді қолдайтынын мәлімдеген еді. Багхеи 2015 жылы белгісіз айыптермен бірнеше ай түрмеде отырған.

Президенттікке кандидаттарды ықпалды консерватор діни қайраткерлерден құралған Қадағалау кеңесі тексереді. Кеңес сайлауға либералдық кандидаттарды, реформаторлар мен әйелдерді қатыстырмайды. Ресми IRNA агенттігі кеше мақұлданған кандидаттар тізімін ішкі істер министрлігі 26-27 сәуірде жариялайтынын хабарлады.

XS
SM
MD
LG