Accessibility links

"Радиоточка" сайтының жабылғаны хабарланды


Radiotochka.kz сайтының басты бетінің скриншоты. 12 сәуір 2017 жыл.
Radiotochka.kz сайтының басты бетінің скриншоты. 12 сәуір 2017 жыл.

"Радиоточка" порталы 12 сәуірден бастап қаржылық мәселелерге байланысты жұмысын тоқтатады деп хабарлады бүгін портал директоры әрі Central Asia Monitor газетінің бас редакторы Бигелді Ғабдуллинге сілтеме жасаған "Әділ сөз"сөз бостандығын қорғау ұйымы.

Бүгін портал басшылығымен хабарласу мүмкін болмады, бірақ кейбір жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, "Радиоточка" Central Asia Monitor газетінің сайты ретінде жұмысын жалғастыра береді. Бигелді Ғабдуллин Tengrinews.kz сайтына "Радиоточка" бренді сақтала беретінін, портал енді Central Asia Monitor газетінің сайтына айналатынын айтқан. Ал газеттің өз сайты жабылмақ.

Ғабдуллиннің сөзіне қарағанда, редакцияда қаржылық проблемалар мемлекеттік тапсырысты бопсалауға қатысты сот ісінен соң туындаған.

Биыл қаңтарда Астана соты Central Asia Monitor газетінің бас редакторы әрі Radiotochka.kz сайтының шығарушысы Бигелді Ғабдуллинді "мемлекеттік органдар мен олардың басшыларынан өзінің медиа ресурстарына мемлекеттік тапсырыс бопсалады" деп айыптап, бес жылға бас бостандығын шектеген. Тергеу барысында және сотта оның айыбын мойындап, "бопсалау" нәтижесінде жәбірленуші тараптарға келтірген шығынын өтегені хабарланған.

XS
SM
MD
LG