Accessibility links

Ресейлік оппозиционер Навальный жақтастарын шеруге үндеді


Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный сотта отыр. Мәскеу, 30 наурыз 2017 жыл.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный жақтастарын 12 маусым - Ресей күні қарсаңында жемқорлыққа қарсы шеруге шығуға шақырды. Оның сөзінше, билік премьер-министр Дмитрий Медведевтің жемқорлыққа қатысы бар-жоғына жауап бермеген.

Жемқорлықпен күрес қоры биыл наурызда Медведевтің "тіркелмеген жылжымайтын мүліктері" туралы зерттеу жариялаған. 26 наурызда Ресейдің он шақты қаласында жемқорлыққа қарсы шерулер өтіп, ақырында 1500-дей адам ұсталған, Алексей Навальный 15 күнге қамалған.

Дмитрий Медведев жемқорлықпен күрес қорының зерттеуі туралы 4 сәуірде ғана пікір білдіріп, оны "сандырақ" деп атаған. Мемлекеттік дума Медведевтің жемқорлыққа қатысы туралы тексеру жүргізуден бас тартқан.

Ресей ішкі істер министрлігі шерулер кезінде "тіпті қатаң" қимылдап, "бар құралды қолданатынын" мәлімдеген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG