Accessibility links

Малала Канаданың құрметті азаматы атанды


Малала Юсуфзай, пәкістандық құқық қорғаушы.
Малала Юсуфзай, пәкістандық құқық қорғаушы.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Малала Юсуфзай Канаданың құрметті азаматы және осы ел парламентінде сөйлеген ең жас спикер атанды. Пәкістандық белсендіге сертификатты Канада премьер-министрі Джастин Трюдо табыстады. Бұған дейін мұндай құрмет тек бес адамға берілген, Малала солардың ішіндегі ең жасы.

Пәкістанда Малала 15 жаста болғанында талибтер оған тура мектептің жанында шабуылдап, басынан ауыр жаралаған. Малалаға қастандық оның қыздардың білім алуын қолдаған кампаниясы үшін жасалған. 2014 жылы оған бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы берілген. Малалаға Канаданың құрметті азаматы деген мәртебе 2014 жылы берілуі тиіс болған еді, бірақ парламентте салтанатты шара болатын күні Оттавада қарулы адам террорлық шабуыл жасаған. Малала ол адамның өзін мұсылман деп атағанын, бірақ сенімі өзімен үйлеспейтінін мәлімдеген.

Малала Юсуфзай таяуда БҰҰ-ның ең жас бейбітшілік елшісі атанған.

XS
SM
MD
LG