Accessibility links

Алматыда жаңбырдан шағын лай көшкіні жүрді


Алматының жоғарғы жағындағы үйлер (Көрнекі сурет).

Алматының Бостандық ауданы аумағында жаңбыр суының жиналуынан лай көшкіні жүрді деп хабарлады "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі.

Ресми ақпаратқа қарағанда, 13 сәуір күні Бостандық ауданы аумағындағы "БАК Алма" көшесіне қарама-қарсы №28 үйге қарай көлемі 30 текше метр болатын лай көшкіні жүрген. Төтенше оқиғадан жолдың бір бөлігі жабылып, телефон бағанасы зақымданған. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

"Қазселденқорғау" мекемесі көшкінге байланысты жергілікті билікке жолды тазалап, аталған орында беткейлерді нығайту жұмыстарын жүргізу қажет деген ұсыныс білдірген.

13 сәуірде қалалық төтенше жағдайлар департаменті нөсер жаңбырға байланысты тұрғындарды Алматы өзендерінде су тасқыны болу және көшкін жүру қаупі барын ескерткен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG