Accessibility links

Азаттықтың Әзербайжан редакциясының сайтын бұғаулай бастады


Азаттықтың Әзербайжан редакциясының логотипі.
Азаттықтың Әзербайжан редакциясының логотипі.

Азаттықтың Әзербайжан редакциясы сайтын Әзербайжандағы ірі интернет провайдерлерінің бірі бұғаулап отырған болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Редакция мәлімдемесінде Delta Telecom компаниясы тарапынан бұғаулау 27 наурызда басталғаны және оның цифрлық қауіпсіздік саласында қызмет көрсететін үкіметтік емес Qurium тобының есебінде көрсетілгені айтылады. Delta Telecom Азаттықтың Әзербайжан редакциясы мен өзге тәуелсіз екі БАҚ - Meydan TV телеарнасының және Azadliq газетінің сайттарын бұғаттаған.

Азат Еуропа/Азаттық Радиосының (АЕ/АР) президенті Томас Кент БАҚ қызметіне бұл килігуді айыптап, оны "АЕ/АР-ның Әзербайжандағы аудиторияға тәуелсіз ақпарат жеткізу миссиясына кедергі келтіру мақсатында билікті көпе-көрінеу теріс мақсатта пайдалану" деп атады.

Азаттықтың Әзербайжан редакциясы таяуда Сараевода орналасқан Organized Crime Corruption Reporting жобаларымен бірлесіп жүргізген зерттеуінің нәтижелерін жариялаған. Зерттеу Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің отбасы мен оған жақын адамдардың қаржылық қызметіне қатысты жүргізілген.

XS
SM
MD
LG