Accessibility links

Ақтөбенің екі тұрғыны бас прокуратураға қолдарын кісендеп келді


Бас прокуратура, Астана (Көрнекі сурет).
Бас прокуратура, Астана (Көрнекі сурет).

Ақтөбе тұрғындары - анасы Райхан Қомпаева мен қызы Самал Қартжан бүгін Астанадағы бас прокуратураның ғимаратына қолдарына кісен салып келді. Тұрғындар шынжырға байланған екі кісен арқылы бір-бірімен қосақталған. Әйелдер мұндай флешмобты прокурорлардың назарын аударып, ұлы әрі ағасы Қалдымұрат Қартжанға қатысты қылмыстық істі тергеуді "қадағалауға алуды" талап ету үшін өткізіп отырғандарын айтады.

Ақтөбе тұрғыны, 33 жастағы Қалдымұрат Қартжан биыл қаңтарда қылмыстық кодекстің "қару, оқ-дәрі, жарылғыш зат пен жарылғыш құрылғыны заңсыз иелену, беріп жіберу, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" және "билік өкіліне мойынсұнбау" баптары бойынша күдікті деп қамалған. Райхан Қомпаева мен Самал Қартжанның сөзінше, туысына ақпанда тағы үш бап - "адам ұрлау", "мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу" және "ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу" бойынша айып тағылған.

Анасы мен қызының айтуына қарағанда, Қалдымұрат Қартжанның үстінен қылмыстық іс оның "мұнай ұрлады деп айыпталған "Төрт ағайындылар" ісі бойынша күдікті, өзі таныс емес азаматқа қарсы куәлік беруден бас тартқаны үшін қозғалған және ол қолдан жасалған".

Наразы анасы мен қызына прокурор Жанболат Туғанбаев шығып, оларды прокуратура ғимаратына кіргізді. Кеңседе әйелдер арыздарын тапсырды. Прокурор әйелдердің талап арызын тыңдаған соң бұл іс бойынша мәселенің басын ашып, кейінірек жауап беруге уәде берді.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG