Accessibility links

Жерорта теңізінде бір күнде екі мыңнан астам мигрант құтқарылған


Жерорта теңізінде құтқарылған босқындар. 2 қаңтар 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

Жерорта теңізі арқылы қайықпен Еуропаға жетпек болған екі мыңнан аса мигрант сәуірдің 14-і күні Ливия жағалауына жақын маңда құтқарылған, бір адам қаза болған. Мигранттар мінген 16 үрленетін және екі ағаш қайық теңіздегі қатты дауылда апатқа ұшыраған. Италия жағалау күзеті өкілінің хабарлауынша, үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен 19 құтқару операциясы жүргізілген.

Құтқарылғандардың барлығы Италияға жеткізілмек.

Халықаралық босқындар ұйымының мәліметі бойынша, жыл басынан бері Еуропаға 32 мыңға жуық босқын теңіз арқылы барған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG