Accessibility links

Теміртауда бірнеше мың тұрғын сусыз отыр


Чкалово ауылындағы су басқан көше. Қарағанды облысы, 15 сәуір 2017 жыл. (Ауыл тұрғыны түсірген сурет.)

Қарағанды облысындағы Теміртау қаласының көп бөлігін ауыз сумен қамтамасыз ететін "Сергиополь" су құбырының бірнеше ұңғымасын тасқын су басып кетуі салдарынан орталықтандырылған су жүйесі істен шығып, қаланың бірнеше мың тұрғыны сусыз отыр.

Қаланың батыс бөлігін ауыз сумен қамтамасыз ететін жергілікті «Аква-Трейдинг» коммуналдық кәсіпорны әлеуметтік маңызды нысандар мен тұрғын үйлерге ауыз суды жеткізіп беруді ұйымдастырды. Адамдар белгілі таңертең және кешке бір уақытта көшеге шығып, шелек, күбі тәрізді ыдыстарға су толтырып алады. Теміртау қаласының әкімдігі судың келетін уақытын тұрғындарға әлеуметтік желілер арқылы хабарлап отыр. Кейбір тұрғындар дүкендерден бес литрлік ыдысқа құйылған ауыз суды сатып алады.

"Сергиополь" су құбыры арқылы су алып келген Теміртаудың шығыс бөлігі енді басқа су көзіне қосылған. Азаттық тілшісі сөйлескен кей тұрғындар пәтерлеріне құбыр арқылы судың сыздықтап қана келіп тұрғанын, ал бүгін кейде мүлде тоқтап қалып жатқанын айтты. Теміртау тұрғындарының көбі жұмыс істейтін жергілікті металлургия комбинатында да суды көлікпен жеткізіп пайдаланып отырғанын айтады жұмысшылар.

  • 16x9 Image

    Елена ВЕБЕР

    Елена Вебер - шығармашылық псевдоним. Елена - 2010 жылдан бері Азаттықтың Қарағанды облысы бойынша тілшісі. Теміртау қаласында тұрады. ҚарҰУ-дің филология факультетін бітірген.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG