Accessibility links

Шешенстан министрі "Новая газета" бас редакторының кешірім сұрауын талап етті


Шешенстанның ұлттық саясат, баспасөз және ақпарат министрі Жамболат Умаров.
Шешенстанның ұлттық саясат, баспасөз және ақпарат министрі Жамболат Умаров.

Шешенстанның ұлттық саясат, баспасөз және ақпарат министрі Жамболат Умаров бүгін ресейлік «Новая газета» басылымының бас редакторы Дмитрий Муратовтан сәуірдің 13-інде жасаған мәлімдемесі үшін кешірім сұрауын талап етті. Бұған дейін «Новая газета» басылымы «редакцияның атына ашық қоқан-лоқы» жасалып отырғанына байланысты мәлімдеме жариялаған. Газет Шешенстанда гомосексуалистер қуғынға ұшырайтыны туралы материал жариялағаннан кейін Грозный қаласының орталық мешітінде шешендердің 24 вирдінің, ислам діні мамандарының және республикадағы қоғамдық пікірлер лидерлері шұғыл бас қосып, жиын өткізген. Осы жиынның қорытындысы бойынша қабылданған қарарда айтылған баптардың бірін редакция журналистерге күш көрсетуге шақыру деп қабылдаған.

Жұма, сәуірдің 14-і күні Ресей президенті жанындағы адам құқығы бойынша кеңес Тергеу комитетін «Новая газета» журналистеріне қатысты Шешенстан өкілдерінің қоқан-лоқысына байланысты қылмыстық іс қозғауға шақырған. Сол күні Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Новая газета» басылымына қоқан-лоқылар жасалғаны туралы Кремльдегілер хабардар деп мәлімдеген. Оның сөзінше, Шешенстанда жыныстық ерекшелігі бар адамдардың құқығы бұзылатындығы және олардың құқық органдарына шағымданғаны туралы Кремльдің қолында жеткілікті дәрежеде дерек-фактілер жоқ.

XS
SM
MD
LG