Accessibility links

Атбасарда тасқын аймағынан тұрғындар шұғыл көшірілген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Сенбі күні Ақмола облысы Атбасар қаласындағы темір жол көпірі маңындағы су бөгетін қызыл су шайған деп хабарлады «Интерфакс Қазақстан» агенттігі.

Қатты жауын жауған күні Жабай өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, одан жайылған тасқын суға даладан келген қар суы қосылып, бөгетті үш жерден тескен. Көпір маңындағы үйлерге су келе бастаған. Қауіпті аймақтағы 200-ге жуық үйден тұрғындарды жедел көшірген.

«Жағдай күрделі, тасқын су бөгетті бұзып кету қаупі бар. Оның үстіне жаңбар мен күшті жел қиын болып тұр» деген төтенше жағдайлар департаменті өкілі Қанат Доспаев «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне.

Төтенше жағдайлар қызметі мен әскерилер, жергілікті кәсіпорындар тасқынға қарсы жұмыстар атқарып жатыр деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG