Accessibility links

Христиандар Пасха мейрамын тойлап жатыр


Пасха мерекесіне арнап боялған жұмыртқа.
Пасха мерекесіне арнап боялған жұмыртқа.

Әлемде христиан дінін ұстанушылар бүгін ұлық мерекесі - Пасха мейрамын тойлап жатыр. Биыл православтар мен католиктер бұл мерекені бір уақытта атап өтеді.

Жексенбіге қараған түні Қазақстандағы шіркеулерде мерекелік құдайға құлшылық ету рәсімдері өтті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұртшылықты Пасха мейрамымен құттықтады деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

«Айтулы Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – барлық құрлықтарды мекен еткен көптеген адамдардың өміріндегі ерекше мәні бар мейрам. Биыл православтар мен католиктердің оны бір мезетте атап өтуі мейрамның мәні мен маңызын арттыра түсуде» деген президент.

Ол «бүгінгі таңда барлық конфессиялардың бір-бірін сыйлауға және ашық пікірлесуге негізделген жемісті ынтымақтастығы – Қазақстанның ерекше мақтанышы» екенін атап өткен.

Ресми мәліметке сәйкес, 17 миллионнан астам тұрғыны бар Қазақстанда христиандар саны жағынан мұсылмандардан кейін екінші орында тұр.

XS
SM
MD
LG