Accessibility links

Алепподағы жарылыс құрбандарының саны көбейген


Алеппо маңындағы жарылыс болған жер. Сирия, 15 сәуір 2017 жыл.
Алеппо маңындағы жарылыс болған жер. Сирия, 15 сәуір 2017 жыл.

Сирияның Алеппо қаласы маңында сенбіде болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны көбейген. Кей хабарларда құрбан болғандар саны 39 адамға жеткені айтылса, енді бір ақпаратта 43 адам қаза тапқан делінеді.

"Әл-Жазира" телеарнасының хабарлауынша, жарылыстың себебі туралы нақты мәлімет жоқ, бірақ Сирияның мемлекеттік баспасөз құралдары «елдің солтүстігіндегі қоршаудағы екі қаладан бейбіт тұрғындарды шығарып келе жатқан 70 автобустан тұратын колоннаға жақындап барған жанкешті көлікке орнатылған қолдан жасалған бомбаны жарып жіберген» деп хабарлады.

Бұған дейін Сирия үкіметі мен оған қарсы қарулы күрес жүргізіп жатқан көтерілісшілер Алеппо провинциясындағы үкімет күштері бекініп, қарулы оппозиция қоршауға алған Кефрая мен Фуаа қалаларынан, сондай-ақ ел астанасы Дамаскінің маңындағы үкімет әскері қоршап, көтерілісшілер бақылауында ұстап отырған Мадайя мен Забадани қалаларынан 30 мыңдай адамды эвакуциялау туралы келісім жасасқан болатын.

XS
SM
MD
LG