Италияда әлемдегі ең қарт адам саналатын Эмма Морано 117 жасында қайтыс болған. Ол 19-ғасырда дүниеге келгендерден қалған соңғы адам болатын.
Эмма Морано 1899 жылы қарашаның 29-ы күні туған. Үш ғасырдың куәсі болған бұл адам екі дүниежүзілік соғысты көрген. Ол өмір сүрген уақытта Италияда 90-нан аса үкімет ауысқан.