Accessibility links

ЕҚЫҰ: Донбастағы жағдай тұрақсыз күйде қалып отыр


Украинаның шығысындағы қарулы жанжал салдарынан қираған үй. 14 сәуір 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)
Украинаның шығысындағы қарулы жанжал салдарынан қираған үй. 14 сәуір 2017 жыл. (Көрнекі сурет.)

Донбастағы жағдай тұрақсыз күйде қалып отыр және ол кез келген сәтте шиеленісіп кетуі мүмкін деп мәлімдеген Украинаның шығысында мониторинг жүргізетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) миссиясының жетекшісі Алексендр Хуг. "Обозреватель" басылымына берген сұхбатында Хуг жанжалға қатысушы екі тараптың әлі күнге дейін бір біріне тым жақын орналасқанын, әрқайсысында ауыр қару-жарақ түрлері барын және олардың шұғыл қимылдауға үнемі дайын отырғандарын айтқан.

Киевтің мәліметі бойынша, соңғы тәулікте ресейлік сепаратистер Донбастағы украиналық әскерилер позицияларына 30-ға жуық рет атқылаған кезде ірі калибрлі минометтерді де қолданған. Өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» болса Украина армиясы тарапынан оқ атылғаны туралы мәлімдеген. Бейбіт тұрғындар мен украиналық әскерилер арасында құрбан болғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

XS
SM
MD
LG