Accessibility links

Калифорнияда Трампты жақтаушылар мен қарсыластары қақтығысып қалған


АҚШ президенті Дональд Трамп. 12 сәуір 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп. 12 сәуір 2017 жыл.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Беркли университетінде президент Дональд Трампқа қарсылық акциясы кезінде шараға қатысушылар мен Трампты қолдайтындар өзара қақтығысып қалған. Президентті сынаушылар Трамптан салық декларациясын жариялауды талап еткен. Өзара шекісіп қалған екі тарап бір біріне бөтелкелер мен тас лақтырған. Қақтығыс салдарынан бірнеше демонстрант зардап шеккен. Полиция 20-дан астам адамды ұстаған.

Дональд Трамп өткен жылы АҚШ-та соңғы ондаған жылдардың көлемінде сайлауалды кампания кезінде салық декларациясын жарияламаған алғашқы кандидатқа айналды. Әдетте президенттікке кандидаттар салық декларацияларын өз еркімен жариялайтын.

АҚШ-тың ондаған штатында «Салық шерулері» атты акциялар ұйымдастырылды. Бұл шаралар салық декларациясын тапсыру мерзімі аяқталар уақытқа дөп келді.

XS
SM
MD
LG