Accessibility links

Алеппо түбіндегі жарылыс құрбандарының саны жүзден асқан


Алеппо маңындағы жарылыс болған жер. Сирия, 15 сәуір 2017 жыл.
Алеппо маңындағы жарылыс болған жер. Сирия, 15 сәуір 2017 жыл.

Алеппо түбіндегі жарылыс құрбандарының саны жүзден асқан

Сирияның Алеппо қаласы түбінде сенбі күні болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны жүз адамнан асқан деп хабарлады Лондонда орналасқан сириялық адам құқықтарының жағдайын бақылау ұйымы. Бұған дейін қаза тапқандар саны 40 шақты адам деп хабарланған болатын.

Жарылыс сәуірдің 15-і күні Сирияның солтүстігіндегі шииттер тұратын екі елді мекеннен бейбіт тұрғындарды әкетіп бара жатқан автобустар колоннасының қасында жасалған. Сирия үкіметі шабуыл жасаған терроршы автокөліктегі бомбаны іске қосып, өзін өзі жарып жіберген дейді. Сириядағы террорлық ұйымдардың ешқайсысы әзірше бұл жарылысқа жауапкершілікті алған жоқ.

Бұған дейін Сирия үкіметі мен оған қарсы қарулы күрес жүргізіп жатқан көтерілісшілер төрт қаладан 30 мыңға жуық бейбіт тұрғынды эвакуациялау туралы келісім жасасқан болатын. Сенбі күні Алеппо маңында жарылыс болған кезде колоннамен келе жатқан автобустардағы бес мыңға жуық адамның арасында бейбіт тұрғындар да, үкімет қарулы күштерінің әскерилері де болған.

XS
SM
MD
LG