Accessibility links

Сирия әскері Соран қаласын қайтарды


Соран қаласын тастап кетіп бара жатқан бейбіт тұрғындар. Сирия, қыркүйек 2016 жыл.
Соран қаласын тастап кетіп бара жатқан бейбіт тұрғындар. Сирия, қыркүйек 2016 жыл.

Сирия әскері Ресей әскери-әуе күштері мен Иран көтерілісшілерінің қолдауымен Хама қаласының маңындағы стратегиялық Соран қаласын қайтарып алды. Оппозициялық көтерілісшілер армияның қаланы Ресей авиациясы жасаған әуе соққыларынан соң тікелей шабуылдағанын хабарлады. Сирия әскері сонымен қатар жақын аумақтағы Латамне және Кафр-Зейта қалаларына шабуылдап жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, операцияларға Иран қолдайтын шиит көтерілісшілері де қатысып жатыр.

Сирияның орталық бөлігіндегі Соранды Сирия әскері өткен жылы қайтарып алып, бірақ кейін көтерілісшілер қайтадан басып алған болатын. Қала Сирия билігінің бақылауына өткен соң оппозиция күштері Хама провинциясындағы соңғы айда басып алған позицияларынан айырылады. Көтерілісшілер Хамадан солтүстікке қарай Сирияның батысына кететін үлкен жолдың бойында орналасқан Морек қаласын әлі бақылауда ұстап тұр.

XS
SM
MD
LG