Accessibility links

Рим Папасы Пасхада Сириядағы соғысты тоқтатуға шақырды


Рим Папасы Ватикандағы Әулие Петр соборындағы кешкілік құлшылық кезінде. Рим, 15 сәуір 2017 жыл.
Рим Папасы Ватикандағы Әулие Петр соборындағы кешкілік құлшылық кезінде. Рим, 15 сәуір 2017 жыл.

Рим Папасы Франциск Сириядағы "қорқыныш пен қырғынды" тоқтатуға шақырды. Римде 16 сәуір - христиандардың Пасха мерекесі күні жасаған дәстүрлі Urbi et Orbi деп аталатын үндеуінде Франциск соғыстан, аштық пен саяси тұрақсыздықтан зардап шегетіндер үшін дұға тіледі. Понтифик Сирияға ерекше назар аударып, Украина, Ирак, Йемен және Африкадағы қақтығыс аймақтарын да айтты.

Франциск "әлі де қақтығыс пен қантөгістен арылмаған Украинаға ізгі ниетті дін қызметшісінің көмекке келуін" тіледі. Ол әлем елдерінің басшыларын "қазіргі әлемнің күрделі әрі қайғылы жағдайларында" бейбітшілік үндеуіне құлақ асуға және "қақтығысты болдырмауға, қару-жарақ саудасын тоқтатуға күш салуға" шақырды. 15 сәуірде Әулие Петр соборында өткен кешкілік құлшылық кезінде Франциск діндарлар мигранттардың, кедейлер мен басқа да әлсіз топтардың жан жарасы туралы ойлану керегін айтты.

XS
SM
MD
LG