Accessibility links

Пенс Оңтүстік Кореяға сапары аясында қарусызданған аймақта болды


АҚШ вице-президенті Майк Пенс Сеулде сапарлап жүр. 6 сәуір 2017 жыл.
АҚШ вице-президенті Майк Пенс Сеулде сапарлап жүр. 6 сәуір 2017 жыл.

Оңтүстік Кореяда сапарлап жүрген АҚШ вице-президенті Майк Пенс бүгін осы ел президентінің міндетін атқарушы Хван Кьоанмен кездесуден бірнеше сағат бұрын қарусызданған аймаққа жақын орналасқан "Кемп Бонифас" әскери базасына барды. Пенс шекаралық аймаққа Солтүстік Кореяның зымыран бағдарламасына байланысты Корея түбегінде шиеленіс күшейген кезде барып отыр. Солтүстік Корея бірер күн бұрын зымыран ұшырмақ болған, бірақ зымыран ұшқан соң ұзамай жарылып кеткен.

Пенс Азия елдеріне жасайтын 10 күндік сапарында Солтүстік Кореяның зымыран бағдарламасын сынайтын Жапонияға да барады. Пхеньян зымыран бағдарламасы аясында кем дегенде алты рет ядролық сынақ жасаған.

Пенс "Кемп Бонифасқа" тікұшақпен барды. Ол базада әскери қолбасшылықпен және осындағы америкалық әскерилердің басшылығымен кездесті. "Мен үшін бұл жерде болу үлкен құрмет. Бұл жерде Корей соғысы кезінде әкем америка армиясының құрамында соғысты. Осы жерге келер жолда бізге біраз территорияны көрудің сәті түсті. Әкем сіздердің бостандықтарыңыз үшін сол территорияларды қорғау жолында корей әскері жағында соғысқан" деді Пенс.

АҚШ вице-презмденті сонымен қатар шекараға жақы, бітім жөніндегі Пханмунджонс келісіміне қол қойылған елді мекенге де барады. Пенс Пхеньянның сәтсіз зымыран сынағын "арандатушылық" деп атады.

XS
SM
MD
LG