Accessibility links

Ирак билігі: ИМ Мосулдағы шайқаста химиялық қару қолданды


Мосул қаласындағы ИМ содырларымен шайқаста тұмылдырпық киіп алған Ирак сарбазы. 16 сәуір 2017 жыл.
Мосул қаласындағы ИМ содырларымен шайқаста тұмылдырпық киіп алған Ирак сарбазы. 16 сәуір 2017 жыл.

Ирак билігі "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымын Мосул қаласы үшін шайқаста "химиялық улы зат" қолданды деп айыптады. Бірақ билік улы заттың әсері төмен екенін және қала үшін шайқас жалғасып жатқанын мәлімдеді.

"Террористер әскеріміздің алға қарай жылжуына кедергі келтірмек болып, улы химиялық заттармен толтырылған снарядтарды пайдаланды, бірақ оның әсері шамалы болды" делінген Ирактың біріккен операциялар қолбасшылығы таратқан мәлімдемеде.

Бригада генералы Яхья Расул Associated Press агенттігіне алты сарбаздың тыныс алуы қиындап, олардың дала клиникасында емделгенін айтты. Мосулдың батысындағы операцияларға қатысып жатқан федералдық полиция офицерлері Reuters-ке ИМ содырлары қаланың Уруба және Баб-Джадид аудандарында үкімет күштеріне химиялық улы заты бар снарядтармен шабуыл жасағанын айтты.

Шабуылда нақты қандай химиялық улы зат қолданылғаны әлі белгісіз. Ирак билігі ИМ қақтығыстарда химиялық қаруларды ара-тұра пайдаланатынын, бірақ оның әскери операцияларға әсері төмен екенін айтады.

XS
SM
MD
LG