Accessibility links

Сайлау комитеті: Түркиядағы референдумның нәтижелері жарамды


Түркиядағы референдумға арналған "иә" және "жоқ" деген жазуы бар бюллетень. 16 сәуір 2017 жыл.
Түркиядағы референдумға арналған "иә" және "жоқ" деген жазуы бар бюллетень. 16 сәуір 2017 жыл.

Түркия Орталық сайлау комитетінің басшысы Сади Гувен 16 сәуірде өткен, президент Режеп Ердоғанның билігін күшейтетін референдумның нәтижелерін жарамды деп мәлімдеді.

Бұдан бұрын Түркиядағы басты оппозициялық Республикалық халықтық партиясы (РХП) дауыс беруде заң бұзылғаны, оның ішінде мөрленбеген бюллетеньдердің пайдаланылғаны туралы хабарлаған.

Орталық сайлау комитеті 16 сәуір күні түнге қарай референдумға қатысқан азаматтардың жартысынан сәл астамы (51,3 пайыз) конституцияға Режеп Ердоғанның билігін күшейтіп, оның 2029 жылға дейін билікте қала беруіне мүмкіндік беретін 18 өзгеріс енгізуді қолдағанын хабарлаған.

Түркияда билік партиясын жақтаушылар референдум қорытындысын қуанышпен атап өтіп, оппозиция оған қарсылық білдірді. РХП бюллетеньдердің жалпы санының 60 пайызына дейінгісін қайта санауды талап етіп, саналған бюллетеньдердің 37 пайызына күдігі барын мәлімдеді.

Гувен мөрленбеген бюллетеньдерді сайлау комиссиясы жасағанын және олардың жарамды болғанын айтты.

Ал премьер-министрдің орынбасары Мехмет Шимшек референдумнан кейін ешқандай мерзімінен бұрын сайлау болмайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін сарапшылар өзінің жаңа өкілеттіктерін бірден күшіне енгізу үшін жаңа сайлау белгілеуі мүмкін деген болжам жасаған.

XS
SM
MD
LG