Accessibility links

Сот Навальныйды "заң бұзбауға" міндеттеуден бас тартты


Алексей Навальный сот отырысында. Мәскеу, 30 наурыз 2017 жыл.

Мәскеу соты Федералдық жазаны атқару қызметінің оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасамауға міндеттейтін ұсынысын орындаудан бас тартты.

РИА "Новости" агенттігінің хабарлауынша, сот өкілі мұндай міндеттеме шартты түрде сотталғандарға олар үкім талаптарын орындамаған жағдайда ғана салынуы мүмкін деген.

Федералдық жазаны атқару қызметі Навальныйдың 26 наурызда Мәскеудегі антикоррупциялық акцияларда полицияға бағынбау ісі бойынша кезекті рет 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынғанына байланысты ұсынысын 11 сәуірде білдірген.

AzattyqTV

Мәскеуде адамдарды қағып өткен такси
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:20 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG