Мәскеудің Одинцово ауданында Санкт-Петербург метросында болған терактіні ұйымдастырушылардың бірі деген сезікті ұсталды. Бұл туралы Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) қоғамдық байланыс орталығы мәлімдеді.
Орталықтың хабарламасында ұсталған Аброр Азимов есімді күдіктінің 1990 жылы туғаны және Орталық Азиядан шыққаны айтылады. ФСБ мәліметінше, Аброр Азимов терактіні жасаған Акбаржон Джалиловты дайындауға араласқан. Азимов тергеу комитетіне жеткізілген.
3 сәуірде Санкт-Петербург метросында теракт болып, 15 адам қаза тауып, 50 шақты адам жараланған. Терактінің жауапкершілігін бір де бір ұйым мойнына алған жоқ. Тергеушілер теракт жасаған адам Қырғызстаннан шыққан, Ресей азаматтығын алған 22 жастағы Акбаржон Джалилов деп санайды.
6 сәуірде тергеу комитеті Санкт-Петербург пен Мәскеуде терактіге қатысы бар деген күдікпен сегіз адамның ұсталғанын хабарлаған.