Accessibility links

Назарбаев Ердоғанды референдум өткізуімен құттықтады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Режеп Ердоған.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия президенті Режеп Ердоған.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Режеп Ердоғанды конституцияға өзгеріс енгізу референдумының нәтижесімен құттықтады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Референдум қорытындысы сіздік Түркия халқы арасындағы беделіңіздің жоғары екенін және сіздің елдің халықаралық аренадағы ұстанымын нығайту саясатыңызды қолдайтынын айқын дәлелдейді" делінген жеделхатта. Назарбаев хатында Ердоған басқаратын Түркияның қоғамдық келісімге негізделген зайырлы мемлекет, әлемдік саясатта өзіндік орны бар және аймақтағы тұрақтылықты сақтауға үлкен үлес қосатын ел болып қалатынына сенімді екенін айтқан.

Түркияда 16 сәуірде өткен референдумға қатысқандардың 51,3 пайызы конституцияға 18 өзгеріс енгізуді қолдаған. Сыншылардың пікірінше, конституцияға енгізілетін өзгерістер Ердоғанның билігін күшейтіп, оның қазіргі билік тармақтарының тепе-теңдігін сақтау жүйесін жоюына жол ашады.

XS
SM
MD
LG