Accessibility links

Тереза Мэй мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді ұсынды


Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі.
Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі.

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парламенттің қауымдар палатасын таратып, 8 маусымда мерзімінен бұрын сайлау өткізу ниеті барын хабарлады. Бұл туралы Мэй Даунинг Стриттегі резиденциясында министрлермен кездесуінде жасаған шұғыл мәлімдемесінде айтты. Мэйдің сөзінше, бүгін кешірек ол парламенттен мерзімінен бұрын сайлау өткізуге дауыс беруді сұрамақ.

Бұған дейін үкімет 2020 жылға дейін сайлау өту ықтималдығын жоққа шығарып келген еді. Бірақ Мэй Ұлыбритания Еуропа Одағынан шығу туралы келіссөз бастаған уақытта елдің тұрақтылығын сақтау үшін жаңа сайлау өткізу қажет деген тоқтам жасағанын мәлімдеді.

2016 жылы маусымда Ұлыбритания тұрғындары Еуропа Одағынан шығуды өолдап дауыс берген. 29 наурызда Тереза Мэй елдің одақ құрамынан шығу келіссөзін бастайтыны туралы Брюссельді ресми түрде ескерткен.

Ұлыбританияда парламентке мерзімді сайлау 2020 жылы өтуі тиіс болатын.

XS
SM
MD
LG