Accessibility links

АҚШ жойғыш ұшақтары Аляска маңында Ресей әскери ұшақтарын қақпайлады


Ресейдің Ту-95 стратегиялық бомбалаушы ұшағы
Ресейдің Ту-95 стратегиялық бомбалаушы ұшағы

АҚШ әскери-әуе күштерінің F-22 жойғыш ұшақтары Аляска маңына жақын ұшып келген Ресейдің екі Ту-95 стратегиялық бомбалаушы ұшағымен қатарласып, шығарып жіберу үшін әуеге көтерілді. Бұл туралы 18 сәуірде Пентагондағы дереккөзіне сілтеме жасаған Foxnews телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, Ресейдің қашыққа ұшатын бомбалаушы ұшақтары 17 сәуір күні кешке қарай Кадьяк аралынан 160 километрдегі Аляскаға жақын ұшып келген. Оларға қарсы Алясканың оңтүстігіндегі Анкоридж қаласының түбіндегі Элмендорф-Ричардсон әуе базасынан жойғыш ұшақтар мен қашықтан радиолокациямен анықтайтын E-3 ұшағы жіберілген.

Әскерилер америкалық ұшақтар ресейлік бомбалаушы ұшақтарды 12 минут бойы қақпайлап ұшып жүргенін, бұдан соң ресейлік ұшақтар Ресейге қарай ұшып кеткенін айтады.

Foxnews ресейлік қашыққа ұшатын бомбалаушы ұшақтар Дональд Трамп президент қызметіне кіріскеннен бері бірінші рет АҚШ территориясына жақын келіп отыр дейді.

XS
SM
MD
LG