Accessibility links

СҚО: Есіл өзенінің тасуы қаупінен 200-ден астам адам эвакуацяланды


Есіл ауданының Жарқайың ауылындағы эвакуация шаралары. Солтүстік Қазақстан облысы, 18 сәуір 2017 жыл. (Сурет Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінен алынды).
Есіл ауданының Жарқайың ауылындағы эвакуация шаралары. Солтүстік Қазақстан облысы, 18 сәуір 2017 жыл. (Сурет Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінен алынды).

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасында 19 сәуір күнгі көрсеткіш бойынша су қалыпты деңгейден 3 метрге көтерілді деп хабарлады бүгін облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Алдағы күндері су қоймасы салынған Есіл өзені тасып, өзен бойындағы Қызылжар, Шал ақын, Есіл аудандары мен Петропавл қаласының маңындағы аудандарға көп көлемде су келеді деп болжанып отыр. Осыған байланысты Есіл ауданының Николаевка ауылында қауіп төнген үш көшеден 114 адам алдын ала эвакуцияланып, 47 бас ірі қара мал, 20 бас қой-ешкі қауіпсіз жерге әкетілді. Жарқайың ауылынан жақын арадағы Өрнек ауылына 90 адам алдын ала эвакуцияланған, 203 бас ірі қара мал, 268 бас қой-ешкі, 130 бас жылқы қауіпсіз жерге әкетілген.

Николаевка ауылында барлығы 461 үйде 1424 адам, Жарқайың ауылында 34 үйде 139 адам тұрады.

XS
SM
MD
LG