Accessibility links

Рио ойындарының күміс жүлдегері Левит Азия чемпионатына қатысады


Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов (оң жақта) пен Василий Левит Рио олимпиадасында.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов (оң жақта) пен Василий Левит Рио олимпиадасында.

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында Ташкентте өтетін Азия чемпинонатына қатысатын боксшылар есімін жариялады. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады.

Азия чемпионатына Рио олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит (91 кг), Рио олимпиадасына қатысқан Қайрат Ералиев (56 кг) пен Абылайхан Жүсіпов (69 кг) барады.

Чемпионатқа 49 килограм салмақта Ержан Жомарт, 52 килограмда Азамат Исақұлов, 60 килограмда Әділет Құрметов, 64 килограмда Бекдәулет Ибрагимов, 75 килограмда Әбілхан Аманқұл, 81 килограмда Ерік Әлжанов, +91 килограмда Қамшыбек Қонқабаев қатысады.

Бокстан Азия чемпионаты екі жылда бір рет өтеді. 2015 жылғы Азия біріншілігінде Қазақстан бес алтынмен жалпы есепте бірінші орын алған.

XS
SM
MD
LG