Accessibility links

Қара теңізде жүк кемесі суға батып, тоғыз адам жоғалды


Қара теңізде жүрген ресейлік құтқарушылар (Көрнекі сурет).
Қара теңізде жүрген ресейлік құтқарушылар (Көрнекі сурет).

Қара теңіздің Ресей жақ жағалауында бүгін жүк кемесі суға батып, кеме экипажының тоғыз мүшесі із-түзсіз жоғалды.

Ресей тергеу комитеті суға батқан кемеден үш теңізшінің құтқарылғанын, қалған экипаж мүшелерін құтқарушылар іздеп жатқанымен, іздеу жұмыстарына қатты жел кедергі келтіріп отырғанын хабарлады.

Панама туы бар кеме Ресейдің оңтүстігіндегі Ростов облысынан Түркияға астық тасымалдап жүрген.

Кеме радардан Ресей жағалауы мен Қырым арасындағы Қара теңізді Азов теңізімен қосатын Керчь бұғазында жоғалып кеткен.

Ресейдің жергілікті билігі экипаж құрамныда Украинаның тоғыз азаматы, екі ресейлік және бір Грузия азаматы барын айтады.

Ресейдің федералдық теңіз және өзен транспорты агенттігінің (Росморрефлот) ресми өкілі кеме Маршалл аралдарында тіркелген түркиялық компанияға тиесілі дейді.

Кеменің не себептен суға батқаны әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG